Қазақстанның ұлттық валютасы Күні қарсаңында, 13 қараша күні жасөспірімдердің қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімі кітапханада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңгенің 25 жылдығына арналған «Ұлттық теңге – мемлекет келбеті»-«Национальная валюта – лицо государства»  атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына қаржы саласының өкілдері қатысты: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» ММ Қарағанды филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі бастығының орынбасары Алдоңғаров Сағыныш Ерболатұлы және «Қарағанды коллекционерлері Клубы» Қарағанды қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы Илья Викторович Половников.

Іс – шараның жүргізушілері – жасөспірімдердің қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімінің басшысы Шмойлова Надежда Федоровна және кітапханашы Каменова Жансая Болатқызы дөңгелек үстел жұмысын салтанатты түрде ашып, барлық қатысушыларды Қазақстанның ұлттық валютасы күнімен құттықтады. Экранда теңге тарихы туралы бейнеролик көрсетілді. Теңге тәуелсіздіктің экономикалық негізі және мемлекет егемендігінің маңызды нышаны ғана емес, сонымен қатар біздің өткеніміздің, қазіргі және болашақтың толық бөлігі болып табылады. Теңге Ту, Елтаңба және Әнұран сияқты мемлекеттіліктің атрибуты болып табылады.

Теңге тарихы - Қазақстан тарихы. Оның дәлелі - Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың сөзі: «Теңге, ұлттық валюта ретінде, еліміздің тарихында өзінің рөлін Тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана емес, еліміздің толық бөлігі ретінде де, өз заманының белгісі ретінде де атқарды...». Қазақстан Теңге сарайының тарихы; айналымдағы, инвестициялық және коллекциялық монеталар; ақша өндіру технологиясы; теңгені қорғау дәрежесі-бұл іс-шараға келген студенттер бұрын еш жерде таппаған мүлдем жаңа танымдық материал. Бұл туралы қаржы саласының маманы Алдоңғаров Сағыныш Ерболатұлы айтты. Сонымен қатар, ол "НБК "Online" заманауи мессенджеріне егжей-тегжейлі тоқталды, осы технологияның арқасында пайдаланушылар Ұлттық Банкке өз сұрақтарымен және ұсыныстарымен тікелей жүгіне алады. Қаржыгер тыңдаушылардың назарын осы қосымшада 2018 жылдың 1 маусымынан бастап «Ұлттық валюта-теңгеге 25 жыл» жаңа бөлімі іске қосылғанына аударды. Жаңа бөлімде әрбір пайдаланушы Ұлттық валюта – теңгеге қатысты оны қызықтыратын сұраққа жедел жауап ала алады.

"Қарағанды коллекционерлер клубы" басқармасының төрағасы Половников Илья Викторович студенттердің үлкен қызығушылығын тудырған Қазақстан Республикасының мерейтойлық және естелік монеталары мен банкноталарының коллекциясын ұсынды. Коллекционер бүкіл әлемнің нумизматтары өз коллекциялары үшін қазақстандық монеталарды сатып алатынын атап өтті. Қазақстан банкноталарын Халықаралық банкнот қоғамдастығы мерзімді түрде әлем банкноталарының арасында купюралардың дизайны, олардың идеологиясы, техникалық орындалуы және оларды қорғау үшін үздік деп таниды. "Ұлттық теңге-мақтанышым" атты кітап көрмесіне шолу жас өспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Бақытнұр Нақыпбекқызы Сламбекова ұсынды. Әсіресе, Қарағанды банк колледжінің студенттері кітаптармен және оқу құралдарымен қызықтырды. Шара соңында қонақтар аудиторияның көптеген сұрақтарына жауап берді.

Жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, өз Отанына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, азаматтықты, толеранттылықты қалыптастыру, өз халқының тарихи мұрасына деген құрмет, ұлттық валюта – теңге үшін мақтаныш және Отанымыздың экономикалық тәуелсіздігі-бұл іс-шараны ұйымдастырушылар ұмтылған және жастар аудиториясынан алғыс сезімдерін тапқан мақсаттар мен міндеттер.

Іс-шара "Saryarqa"телеарнасында көрсетілді.