Іс -шараны жүргізуші, оқу залының кітапханашысы Жақыпова Гүлімжан Рымханқызы, өзінің отты поэзиясында дәуірдің рухын бейнелеген жалын шежіреші, ержүрек батыр Махамбеттің шығармашылығына тоқталды.  Бұл іс-шара балаларға қызмет көрсету бөлімінің   оқырмандарын  қазақ халқының ұлы батырлары жайлы  таныстыратын әңгімелер циклінің жалғасы болды.

Махамбет Өтемісұлы И. Тайманов басшылығымен өткен халық көтерілісінде маңызды рөл атқарды. Ақын өлеңдерімен және өз беделімен халықты  патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны.  Көптеген оқушылар Махамбеттің өлеңдері мен лирикасын жатқа біледі.

Іс-шарада Махамбет Өтемісұлы шығармаларына арналған «Ел қорғаған ер бабам» атты виртуалды кітап таныстырылымы көрсетілді. Оқушылар сұрақ - жауап сайысына қатысты.