Латын әліпбиіне көшу мемлекет үшін маңызды қадам екені және сол нық қадамда жұмыла күш біріктіру әрбір қазақстандықтың мәндеті екені рас. Осы орайда 2018 жылдың 15 жұлдызы сағат 15.00-де Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы, БОТА интеллектуалды Жастар Орталығының «Қазына» әдеби отырысында латын әліпбиіндегі «Q» (Қ) әріпі туралы талқыланды. «Q» әріпінің қандай маңызы бар?... Республикамыздың, облысымыздың, қаламыздың атауы дәл осы «Q» әріпінен басталаны әр жасты қызықтырды да, қуантты. Патриоттық сезім орталықтың әр мүшесінде жақсы дамығаны әрқашан сезіледі. Латын әлібиі қолға алынғалы «Ақырын жүріп, анық басқан» Жастар латын әліпбиінде еркін жазуға дағдыланып алған. Алдыңғы күні өткен Бүкілхалықтық диктантты еске түсіріп, тағы бір рет өз арамызда диктан та жазып алдық. Жастардың бәсекеге қабілеттілігі ерек.

Отырысқа 30 адам қатысты. БОТА-лықтармен бір өнерді бөлісіп жүрген «Ұлағат» шығармашыл жастар клубы да бұл шарадан тысқары қалмады. Ой-пікірлерімен бөлісе отырды. Мустафин Сұлтан мен Каменова Жансаяның талқылама сөзінен басталған отырыс диктантқа кейін «Q»  әріпіне байланысты ойын түрлеріне де ұласты. Отанының отын өшірмес, қоғам талабымен таласа қанатын қатайтып келе жатқан Жастардың белсенділігі көңіл марқайтады!