Маусым айының 14 жұлдызында Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы дәстүрлі шараның бірі «Ашық аспан астындағы жазғы оқу залы» промоакциясының ашылуын  ұйымдастырып өткізді. «Сенің рухани қазынаңның қайнар бұлағы – кітап!» тақырыбымен ашылған бұл акция Облыстық балалар клиникасының аумағында өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған.

Іс-шараның мақсаттары мен міндеттері:

  • кітап оқуды алға жылжыту;
  • мәдениет пен өркениетті сақтаудың және дамытудың құралы – кітапқа және кітап оқуға балалар мен жасөспірімдердің жағымды көңіл-күйін қалыптастыру;
  • еліміздің тарихы, мәдениеті жөніндегі әдебиетін насихаттау;
  • ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Кітапханамыздың жасөспірімдерге қызмет көрсету, ақпараттық-библиографиялық және балаларға қызмет көрсету бөлімінің қорындағы Астана қаласына арналған әдебиеттер, тарихи деректер, суретті альбомдар, журналдар және жаңадан келіп түскен көркем әдебиеттер көше жүргіншілерінің назарына ұсынылды. Оқырмандарды тіркеу секторы кітапханалық жарнамалар, ақпараттық қағаздар және флаерлер таратты. Кітапханашылар қала жұртшылығына кітапханадағы қызметтер жұртшылықпен сауалнама жүргізіп, бұлдіршіндермен сұрақ-жауап ойындарын өткізді. Жазғы уақытта өткізілетін қызықты іс-шаралар туралы ақпараттар беріп, кітапхана оқырманы болуға шақырды.

Жазғы оқу залының жұмыс күндерінде  қала тұрғындары кітапхана қорының кітаптары мен мерзімді басылымдарымен таныса алады.