19 қазан күні мерзімді басылымдар мен мультимедиа залында,  итальян композиторы Джузеппе Фортунино Франческо Вердидің 205 жас мерейтойына арналған музыкалық сағат өтті. Осы шараға №48  ЖББОМ 8 сыныптың 16 оқушысы қатысты.Композитордың шығармашылығы, өмір жолымен оқырмандарды жақынырақ таныстыру мақсатында «Реформатор оперного искусства» атты кітап көрмесі құрылды. Кітап көрмеге Джузеппе Вердиге арнап шығарылған Л.А.Соловцованың «Джузеппе Верди», А.Д.Бушеннің «Молодой Верди. Рождение оперы», В.А.Лебедевтің «Маэстро борьбы (Верди)» атты кітаптарымен қатар композитордың шығармалары жазылған винилді үнтаспалар да қойылды.