Бейсенова, Ш.
Туған үйдің түтіні [Мәтін] : хикаят, әңгімелер / Ш. Бейсенова. - Астана : Фолиант, 2024. - 296 б.
Белгілі қаламгер Шәрбану Бейсенованың «Туған үйдің түтіні» атты бұл жинағына «Бір махаббат баяны» атты хикаяты мен бірқатар әңгімелері еніп отыр. Жазушы шығармаларына әркімнің еншісіне берілген сенім, үміт, махаббат, төзім, адамгершілік сияқты қасиеттердің әрқилы көріністерін арқау етеді. Әйел жан дүниесіндегі сан қилы сәттерді, құбылыстар мен өзгерістерді, әйел бойындағы ақыл мен парасат, төзім мен сабыр сияқты асыл қасиеттерді көркемдікпен аша білген. Жинаққа енген нәзік иірімдерге толы сыршыл туындылары оқырманын қызғылықты мазмұнымен, шұрайлы тілімен, қым-қиғаш сюжетімен өзіне баурайды.
.