Памук, Орхан

Менің атым Қырмызы : роман / Орхан Памук ; ауд. А. Құрмет. - Нур-Султан : Фолиант, 2021. - 640 бет.

       Қолыңыздағы бұл кітап тек махаббат тақырыбына құрылған шығарма емес. Сопылық тариқаттар, көркем жазу, миниатюра, кітап безендіру, сәулет өнерінің мұсылман жұртшылығына тән ерекшеліктері, сондай-ақ тарихи тұлғалардың өмірі жайындағы хикаяттар сөз болады. Автор отырықшы түркілер мен көшпенділердің дүниетанымындағы айырмашылықты сурет өнерін сипаттай отырып, әдемі баяндайды. Роман осындай ерекше стилімен есте қалары анық. Өлілердің, иттің, ағаштың атынан сөйлеу арқылы оқиға желісін шиеленістіріп, оқырманды шығармадағы қылмыскердің кім екенін табуға жетелейді.