Error
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/biblioteka_bekturova/data/www/uniorlib.kz/images/2018/1_03
Notice
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2018/1_03

«Өз тарихын ұмытпа және мақтан тұт» – бұл 1 наурыз мерекесінің ең басты ұрандарының бірі болды.  2016 жылдан бастап Қазақстанда Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы  14 қаңтардағы №173 Жарлығымен бекітілген жаңа мереке – Алғыс айту күні аталып өтіледі. Осы күнді мереке етіп атап өту бастамасымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шықты. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2015 жылғы сәуір айында өткен 22-ші сессиясында ол өзінің айтқан сөзінде елімізде Алғыс айту күні тойлансын деп ұсыныс жасады. "Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді", - деді Қазақстан Президенті. «Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», -деп айтқан болатын.

Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері және «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының мүшелері мерекелік акцияның барысында орталық алаңға келген қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын Алғыс айту күнімен құттықтап, әңгімелесіп, бірнеше сұрақтар қойды: «Сіз күнделікті өміріңізде алғыс сөздерін жиі айтасыз ба?» және «Сіздің бүгін кімге алғыс айтқыныңыз келеді? Не үшін?». Сонымен қатар, жастардың кітапханалық десантының қатысушылары ақпараттық кітап белгілерін, визиткаларын, флайерлерді таратып, қала тұрғындарын кітапханаға шақырды. Кітапхананың және «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының жұмысы туралы бейнеролик жасау үшін өткізілген сұхбаттасулар бейнекамераға жазылды. Пікірсайыстарға қатысып, сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға 300 жуық қала тұрғындары қатысты, шара ұйымдатсырушыларына айтылған жылы тілектері үшін өздерінің алғыстарын білдірді.

Бұл күннің мақсаттарының бірі – азаматтардың өскелең ұрпақты толеранттылыққа, достыққа және бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар – Қазақстанда ұлысаралық келісімді және ұлтаралық қатынастарды нығайту. Сондықтан, осы жүзжылдықтың халықтар үшін емтиханы – толеранттылық емтиханы болып табылатындығы баршаға мәлім.

{gallery}2018/1_03{/gallery}