Шілденің 4-інде Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20-жылдығын атап өту аясында ақпараттық-библиографиялық бөлімде кітапхана оқырмандарына арналған «Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан» тақырыбымен әңгіме-шолу өткізілді.
Әңгіме-шолудың барысында кітапхана оқырмандары бөлім қызметкерлерімен құрастырылған «Астана» атты сөзжұмбақты шешуге қатысты. Сондай-ақ, оқырмандарға «Астана - Еуразия жүрегі»/«Астана - Сердце Евразии» атты ақпараттық буклеттер мен «Астананың көрікті жерлері» атты кітап белгі баулары таратылды.
View the embedded image gallery online at:
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-04-21-10-38-24/2017-04-21-10-37-17/11-zha-aly-tar/526-4-shilde-2018#sigFreeIdd67d3a75cf