28 қыркүйекте біздің кітапханамызда Халықаралық қарттар күні мен Еңбек күніне орай «Славим возраст золотой» атты кездесу кеші өтті.
Іс-шараға кітапхана ісінің ардагерлері шақырылды.
Бұл күні 2018 жылғы мерейгерлерге жылы құттықтау сөздер айтылды. Кітапхана атынан кәсіподақ ұйымының қатысуымен мерейгерлерге сыйлықтар тапсырылды.
«Ғибратты ғұмыр» жобасының аясында еңбек ардагерлері: кітапхананың алғашқы директоры - Белғожанова Роза Рысқанқызымен және кітап қорын жинақтау бөлімінің меңгерушісі болып көп жылдар бойы жұмыс атқарған Байсеркеева Шолпан Кишенқызымен бейнесұхбаттар жазылды.
Іс-шараның барысында әдемі полиграфиялық «Отражение» библиомозаикасының 2-ші шығарылымы ұсынылды.
Бұл кітапхананың 40 жыл ішіндегі тарихы. Библиомозаиканың құрастырушысы – кітапхана ісінің ардагері Волкова Ольга Николаевна, өз қаражатына кітап бастырып, кітапханаға сыйға берді.
Кітапхананың жас мамандары «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының мүшелерімен бірге поэзиялық-сазды композицияны дайындады, қонақтар үшін дастархан жайылды.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-04-21-10-38-24/2017-04-21-10-37-17/11-zha-aly-tar/576-28-yrk-jek-2018#sigFreeId8997f2fa5e