Қазанның 4-інде кітапханаға біздің келешек әріптестеріміз – Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің күндізгі оқу бөлімінің «кітапхана ісі» мамандығы бойынша оқитын студенттері келді.
Кітапхана бөлімдері бойынша екі сағаттан астам экскурсия жүргізілді. Келешек мамандарды көптеген сұрақтар қызықтырды: оқырмандарды тіркеп-жазудан және кітаптарды іздеуден бастап, кітап қорын іріктеп жинақтау және оны орналастыру мәселелеріне дейін. Әрине, студенттерге барлық ақпарат толық көлемде ұсынылды. 
Сондай–ақ, студенттер «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының жұмысымен және Ж.К.Бектұровтың кабинет-мұражайымен танысты.