27 қыркүйекте «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясының аясында  Оңтүстік Қазақстан облысының және Семей қаласының кітапханаларымен Шәкәрім Құдайбердіұлы, Немат Келімбетұлы және Бауыржан Момышұлына арналған on-line – конференция өтті. Конференцияның мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың әдебиетке қызығушылықтарын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау, жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

Қарағанды атынан конференцияның модераторы болып «Касым.кz» порталының редакторы, «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының белсенді мүшесі Султан Мустафин шықты. Конференцияға  С.Саттаров атындағы  №57 лицей-мектептің   11 сынып оқушылары, Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері, кітапхананың оқырмандары мен қызметкерлері, «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының мүшелері белсенді қатысты.