Error
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/biblioteka_bekturova/data/www/uniorlib.kz/images/2018/1_11
Notice
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2018/1_11

Қарашаның айының бірінші жұлдызында Кеншілер мәдениет сарайының оң жақ бұрышынан орын алған Сарыжайлау кинотеатрының сахнасында Айзада Рақымжанованың «Меруерт моншақ» жыр жинағының тұсаукесері өтті. Жыр кешіне «БОТА» интеллектуалды Жастар орталығының мүшелері де ат салысып, аталмыш жас ақынның өлеңдерін оқып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Қарағанды шаһарының абыройын аттырып, атын асқақтатып жүрген Қарағандылық Дидар Камиев, Сейіл Аяғанов, Тілеген Әділов, Мирас Асан, Рауан Қабидолдин, Жәнібек Әлиман, Айтбай Жұмағұлов секілді қонақтар құттықтай келіп, тілек білдірген сахнада біздің «БОТА»-лықтардан Қарабек Әйкерім, Каменова Жансая, Утегенова Гүлару Жас Ақынның поэзиясынан сыр шертті.

Айзада Рақымжанова – «БОТА» интеллектуалды Жастар орталығының орта буынының мүшесі. Қаламына енді ғана сия тиіп жүрген кезінде бұл орталықтың Жас ақынға бергені мол екені шүбәсіз. Алғашқы жыр кітабының тұсауын кесіп, зор қуанышқа ие болған Айзаданың қуанышын бөлісе отырып, қаламың ұштала берсін демекпіз!

Тұсаукесер аяқталғаннан кейін дәстүрлі түрдегі «БОТА»-лықтардың бейсенбілік отырысы өтті. Сәттілік «БОТА»-лықтар! Өнер жолында қанаттарың талмасын!

{gallery}2018/1_11{/gallery}