Error
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/biblioteka_bekturova/data/www/uniorlib.kz/images/2018/1_06
Notice
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2018/1_06

2018 жылдың 1 маусымында Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының Балаларға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Байтақ даламызда шаттанамыз, күлеміз» атты мерекелік ойын сағаты өткізілді. Аталмыш мереке  1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді.

Іс-шараға №97 гимназия, №48 жалпы білім беру орта мектептерінен алтыншы сынып оқушылары қатысты.

Кітапханашы Жүзбаева Нұрымжан Жұмабайқызы шара барысында мерекенің шығу тарихымен таныстыра кетті.          Бірінші мамыр жазайының алғашқы күнімен тұспа-тұс келген мерекеде балаларға арналған ойын сағатында Сайқымазақ, Аю, Маша кейіпкерлері қатысып қызықты және көңілді әдеби ойындар ойнатылып, балалар жаңылтпаштар айтып, жұмбақтар шешті. «Айгөлек», «Шарлар», «Кім бірінші жинайды» ойындарын ойнады. Кітапхана оқырмандары Диана Ақылбекова, Новикова Наташа көрермен балалар алдында «Танец маленьких утят» биін билеп өз өнерлерін ортаға салды. Шараға қатысушылар көңілді ән-күйге бөленіп, ертегілер кейіпкерлері туралы қойылған сұрақтар арқылы ертегі әлеміне саяхат жасап, ертегі жайлы кітаптарды қызығып оқитындарын көрсетті.

Балаларға арналған «Байтақ даламызда шаттанамыз, күлеміз» атты тақырыптық сөре безендіріліп балалар кітаптармен танысып. Мерекелік шарада жақсы өнер көрсеткен балаларға сыйлықтар таратылды.

{gallery}2018/1_06{/gallery}