«Ресурстық тіл орталығы» КММ өкілі Есембаева Ләззат Қабыкешқызы тренинг барысында латын графикасына негізделген жаңа қазақ алфавиті туралы және жазу ережелерінің жобасы туралы қысқаша теориялық ақпаратты ұсынды. Емле дағдыларын қалыптастыру үшін тренинг қатысушылары акуттар бар әріптерден буындарды қалыптастыра отырып, сөз жазуды үйренді. Сонымен қатар, қатысушылардың бастамасымен іс-шараға қатысушылардың латын әліпбиінде жазу және оқу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін қосымша тапсырмалар орындалды.

Кітапханашылар тренингке белсенді қатысып, «Ресурстық тіл орталығы» КММ маманы Л. К. Есембаеваға кәсіби түрде оқытқаны үшін алғыстарын білдірді.