Бұл іс-шараға «Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернат», № 97 гимназия  оқушылары және  Қарағанды кәсіби-техникалық колледж, «Қарағанды машина жасау колледжі», «Қарағанды техникалық құрылыс  колледжі», «Қарағанды гуманитарлық колледжі» студенттері қатысты. Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің оқу залы кітапханашысы Бақытнұр Накипбековна Сламбекова клуб жұмысына қысқаша тоқталып өтті.

Әдеби-сағатты клуб мүшелері  Кашаубаев Сұлтан  мен Постнова Екатерина жүргізді. Ақынның оқырмандарға кеңінен таныс «Белые розы», «Дума о Севастополе», «Ночная песня», «Таежный родник», «Стихи о рыжей дворняге», «Свободная любовь», «Кольца и руки», «У любви не бывает разлук» атты өлеңдері оқылды. Оқушылар мен студенттер жазушының бейбітшілік пен соғыс, махаббат, әйел бақыты тақырыбындағы шығармашылығына өз ой-пікірлерін айтып, өз көзқарастарын білдірді.  Клуб мүшесі Гаммер Дарья «Поэтом нужно родиться» атты  кітап көрмесіне шолу жасады.

Әдеби сағатқа Кашаубаев Сұлтан (ҚКТК), Колмыков Рамиль (ҚКТК), Түсіп Мұхамедарыстан (Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернат), Постнова Екатерина (97 гимназия), Гаммер Дарья (97 гимназия), Гонтарева Ольга (Қарағанды техникалық құрылыс  колледжі), орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ирина Вячеславовна Габидуллина, кітапханашы Ирина Александровна Калашникова «Қарағанды техникалық құрылыс  колледжі» белсене ат салысты.

Клубқа мүше болып, алдағы уақытта да әдеби шараларға қатысам деушілерге клуб мүшесінің билеттері мен флаерлер  таратылды.

Әдеби сағаттың соңында жыл бойы белсене қатысқан клуб мүшелеріне алғыс хаттар тапсырылды.