«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты тікелей эфир. Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Memory» жобасының жыл сайынғы «Тағзым эстафетасы» акция аясында.

2020 жылдың 29 мамыр күні сағат 14.00- де Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Memory» жобасының жыл сайынғы «Тағзым эстафетасы» акция аясында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты тікелей эфир өткізілді. Онлайн кездесу ZOOM платформасында өтті.

Іс-шараның модераторы №134 негізгі мектептің ұстазы Ербұлан Әуезұлы Хумарбек болды.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, зобалаң жылдарда жазықсыз атылған қазақ зиялыларын ұрпақ санасында жаңғырту, патриоттық тәрбие беру, тарих бетіндегі ұлы тұлғаларды насихаттау мақсатында өткен оnline кездесуге Еркін Дәуешұлы Дәуешов, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, жайықтанушы Нұр-Сұлтан қаласынан, Нұртас Бірлікұлы Смағұлов, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясының аға оқытушысы, докторант, Долинка кентіндегі саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске сақтау музейінің қызметкерлері: Әсем Жұмабаева кіші ғылыми қызметкер, экскурсия жетекшісі, Айзере Омарбек экспозициялық көрме бөлімінің кіші ғылыми қызметкері қатысты.