3 желтоқсан күні сағат Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының инстаграм парақшасында Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Ұлағат» шығармашыл жастар клубының жетекшісі Жұман Бектаспен  «Ашық диалог» атауымен тікелей эфир болып өтті.

Тікелей эфирде «Ұлағат» шығармашыл жастар клубының құрылуы, тарихы, оның мүшелері туралы айтылды. Сонымен қатар, Жұман Бектас өз қаламынан туған әдемі өлеңдерімен оқырмандарға жырдан шашу шашты.