Қаңтардың 16-сында кітапхана ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауы – еліміз үшін өте маңызды оқиғаларының бірі. Елбасы «...әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне» қадам басып келе жатқан уақытында мемлекет дамуының басты бағыттарын белгілеп отыр.
Жолдау 2018 жылы еліміздің дамуындағы 10 негізгі бағытын қамтып отыр. Кітапхана қызметкерлері Жолдаудың толық мәтінімен таныстырылды.
Талқылауға кітапхана ұжымының барлығы түгелдей қатысты. Бөлімдер меңгерушілері де, қатардағы кітапханашылары да сөз сөйледі.
Жолдаудың «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты 7 бөліміне ерекше назар аударылды. Осы бөлімде әлеуметтік жағдайды жақсартып, білім беру мен денсаулық сақтау саласын сапалы ету үшін бірқатар міндеттер жүктеліп отыр.
Кітапханашылар Елбасымыздың «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек», - деген сөздеріне ерекше көңіл аударып, өз пікірлерін білдірді