Жақсыдан жақсы туады

Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының көпшілікпен жұмыс бөлімі биылғы жылдың алғашқы шарасын 25-қаңтарда сағат 15.00-де  Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының ғимаратында өткізді. Бұл күнгі тақырып «Ұлылардан туған – Ұлы тұлға» -деп аталады.

Қоғам қайраткер, мәдениеттанушы Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің 75 жасқа толуына орайластырылған әдеби кездесу кешінің қонағына Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің филология факультетінің аға оқытушысы, қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Төлеубаева Кәмшат Амангелдіқызы, саясаттанушы-ұстаз, жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Айдос Бәдел шақырылды. Қазақ жазба әдебиетінің басындағы мұзарт шыңдай болған Мұқтар Әуезовтың ұлы Мұрат Мұқтарұлы  күні бүгінге шейін ел еңбегі мен тарих толқынындағы ізгі қадамдарға ат салысып, игі жұмыстьардың басы-қасында жүр. ҚР Мәдениет қайраткері, дипломант ағаның өмірбаяны мен шығармашылығы жайында кітапхана ұжымы әзірлеген бейнебаян көрсетіліп,  кітапхананың «БОТА» ЖИО қызметкері Руслан Нұрбайдың жүргізуімен әдебиетші, саясаттанушы мамандардан құнды мәліметтер тыңдалды. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов бабамыздың көзіндей болып жүрген жалғыз ұлы Мұрат Әуезов барын барша ел біледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы аясында, елімізде түрлі іс-шаралар өткізілуде. 2018-жылғы 10-қаңтарындағы Елбасы жолдауы да осындай орасан бағыттарға бастайды. 1943 жылы 1 қаңтар күні Жамбыл облысында Мерке кентінде қазақтың жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов пен Фатима Ғабитованың отбасында дүниеге келді. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша бітірді.

КСРО Ғылым Академиясының әлем әдебиеті институтында әдебиет теориясы бойынша филология ғылымының кандидаты дәрежесіне диссертация қорғады. Шараның негізгі бөлігі Мұрат Әуезовтің «Ділім» және «Времён связующая нить» атты кітаптарының мән-мағынасын, мақсат-мұратын тануға бағытталды. Мемлекет және қоғам қайраткерінің жүріп өткен өмір жолынан сыр шертетін кітапта тәуелсіздіктің қадір-қасиеті де сөз болады.Кітапхана ұжымымен бірлесе рухани шара өткізуге ат салысқан, спортқа бейімді жасөспірімдерді сыныпқа жинап, жақсы жанның шығармашылық жолы жайында мағұлматтармен толықтырған мектеп-интернаттың тәрбиеші-ұстазы Гүлзжазира Шырынқызы мен келген білікті қонақтарымызға мекеме атынан алғыс хат табыс етілді. 

Тәуелсіздік туын шет елдерде мәртебемен көтеретін ертеңгі ұландар ұғымында дипломатия мен дарын, еңбекпен ерлік бірге жүретінін көрсеткіміз келді. Рухтың ырысы ұрпақпен ұтымды.