12 наурызда Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы (Өскемен қ.) on-line тәртібінде Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасына (Қарағанды қ.) салтанатты түрде "Туған елімді жырлаймын" атты республикалық библиомарафонның эстафетасын тапсырды.

Ғабит Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бастамасымен ұйымдастырылған библиомарафон балалар мен жасөспірімдер назарларын Қазақстан ақындарының бай тарихи жəне əдеби мұрасына тарту, жастардың рухани- адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жəне Астананың 20-жылдығының аясында өткізіледі. 

Кітапханамыздың оқырмандары библиомарафон аясында өткізілетін іс-шараларда Қарағанды облысының қазіргі жазушылары мен ақындарының шығармаларымен танысып отырады.