Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі»: «Тәуелсіздік жылнамалары» кітабына орай ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстел

 

2018 жылдың 13 наурызында Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі»: «Тәуелсіздік жылнамалары» кітабын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Кешке 60 астам қонақтар келді: Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттың жоғары сынып оқушылары, ЖОО студенттері: Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,  Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды экономикалық университеті, оқытушылар, кітапханашылар, «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының мүшелері,  БАҚ өкілдері.  

Дөңгелек үстел отырысы барысында арнайы келген қонақтар: тарихшы ғалым, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың аға оқытушысы Нұртас Смағұл; «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының авторы, қоғамтанушы Нұржан Жұмжұмаев; саясаттанушы-философ ғалым Қарағанды мемелекеттік медицина университетінің аға оқытушысы Сәкен Аралбай; филолог, ақын Қайрат Асқар тағы басқалар өз ойларын жеткізіп пікірлерін ортаға салды. Және де қатысушы қауым тарапынан сұрақтар қойылып отырды.

Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Сөз басында Президент: «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады» деп кітаптың мазмұнын айқындап береді.

Елбасымыздың жүрек төріндегі толғаныстарынан шыққан бұл кітапты бәріміздің қасиетті Отанымыз - Қазақстан Республикасының негізін қалаған Тұңғыш Президентіміздің өз қолымен жазылған Тәуелсіздік энциклопедиясы деп атауға толық негіз бар. Жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады.

Еркін сұхбаттасу форматында өткен шараға кездесудің қонақтары ризашылықтарын білдірі, «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты көрмені тамашалады. Іс-шара туралы ақпарат ТВ – 5 Канал арнасында жарияланды.

Дөңгелек үстел қорытындысында Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы шынымен де мазмұны мен мәніне орай Тәуелсіздік энциклопедиясы іспетті деген тұжырымға келді.