Наурыздың 28-інде «Бір ел – бір кітап – 2018» акциясының аясында ақпараттық-библиографиялық бөлімнің қызметкерлері Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенттерінің арасында көшпелі іс-шараны өткізді.

 «Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары.

Акцияның мақсаты – таңдалған туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

Ақпараттық сағатта студенттер кітапхананың тарихымен,  ресурстарымен,  жұмыс кестесімен танысты. Сонымен қатар кітапхананың  мекен-жайы, телефон/факс, электрондық поштасы көрсетілген жарнамалық буклеттер таратылды.

Студенттерге  «Бір ел – бір кітап» акциясының тарихы баяндалып, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Бауыржан Момышұлы, Немат Келімбетовтердің өмірі  мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліді.

Жазушы Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологы, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повестерінің қысқаша мазмұнымен таныстырылды.