Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімікің қызметкерлері Наурыз мерекесіне арнап «Жүректерге нұр сепкен – әз Наурыз» атты кітап көрмесін ұйымдастырып шолу жасады.

Үш бөлімді кітап көрмесіне қазақ халқының тарихы, салт-дәстүр, қазақтың ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері, қолөнер бұйымдарына арналған кітаптар қойылды.

Оқырмандарды жалпы қазақтың ұлы даласында сан ғасырлар бойы тойланып, атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлық мереке - Наурыз. Күн мен түннің теңелетін осынау ерекше күнін қазақ - жаңару мен жасарудың нышаны, дүниеге көрік берген шырайлы жыл басы деп құрметтеп, береке-бірліктің, теңдіктің, жақсы тілеудің, қайта түлеудің тойы ретінде дәріптегенін, сонымен қоса, ерте кезден-ақ бұл мейрам елдiң бiрлiгiн сақтап, туған-туысқанның басын қосып бауырластыққа, татулыққа шақыратын ерекше сипатқа ие болып табылатынын айтып, кітаптармен таныстырдық.