Ж.Бектұров атындағы Қарағанды  облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Сәуір  айының 5-жұлдызында  Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Авторлық әндердің халықаралық байқауларының лауреаты, музыка  мұғалімі, ҚР Білім үздігі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі. Қазақстандық танымал балалар композиторы, продюсер және ақын Людмила Мельникова Евгеньевнаның музыкалық шығармашылығына араналған Астана қаласының 20-жылдық мерей тойына орай «Әсем әнім Астанам» атты әдеби-сазды кездесу кеші өткізілді.

Іс-шараға №97 гимназия, №48 және №21 жалпы білім беру орта мектептерінен бесінші сынып оқушылары қатысты.

Жүргізуші бас кітапханашы Жүзбаева Нұрымжан Жұмабаевна Мельникованның мәдени және білім беру саласында Людмила Евгеньевна Мельникованың 40 жыл бойы жасөспірімдерге эстетикалық және патриоттық тәрбие берудегі еңбегі зор, 400-ден астам қазақ тілінде тақырыптық музыкалық шығармалары, балаларға және жасөспірімдерге арналған 10 жинақ пен 15 аудиоальбомға жинақталған 300 әннің авторы, оның ішіндегі сегіз жинақ балалар әндеріне арналған. 11 авторлық жинақтары, ән дискілері шықса, Ол көптеген әндерді қазақ, ағылшын, неміс, қытай  тілдерде аударып, өлеңдердің музыкасын  жазған. сонымен қатар республикалық және халықаралық байқаулар лауреаты етіп балаларды тәрбиелеуде – деп әдеби кешімізді Людмила Евгеньевна Мельникова ортаға шақырылды

Кездесу барысында Людмила Евгеньевна Мельникова өзінің жазған әндерінің тарихы туралы айтып, өлеңдерін нақышына келітіре оқып ақын-компазитор оқырмандардың көңілін бір серпілтіп тастады. Астана мəртебесіне ие болған қаланың қазіргі таңдағы сәні мен салтанаты жəне келбеті туралы ой қозғап, кезекті №21 орта мектеп оқушысы әрі өзінің шәкірті Маханова Нұрбергенмен «Астана-Байтерек», «Тәуелсіз Республикам менің» атты әндерін қосылып шырқады. «Айналдым елім» атты видео роликтер көрсетілді.

 Людмила Евгеньевна Мельникова алдағы келе жатқан қала мерекесімен құттықтап кітапханамызға «Достық қаласы» - «Город дружбы» атты ән жинағын жәнеде дискіде жазылған әндерін сыйға тартты.

Кеш соңында «Айбынды және балғын Астана» атты кітап көрмесімен таныстырылып, кітаптарға шолу жасалынды.