Наурыздың 30-ында кітапханада «Famous Books» әлем әдебиетін сүйіп оқушылар клубы  аясында француз жазушысы Жюль Верннің  шығармашылығын насихаттап, оқуға ынталандыру мақсатында  «Жюль Верн-это пропуск в будущее» атты шара өтті.

Қарағанды кәсіби-техникалық колледж Қарағанды сән колледж студенттері қатысты.

Шараға арнайы шақырылған қонақтар: Муханова Анар Какимовна-орыс тілі және әдебиетінің оқытушысы, Алипбиева Нариман Кайырбековна - сән колледжінің кітапханашысы, кітапхана оқырманы Смагулов Рымбай Төлеубаевич.

Оқырмандар алдында кітапханашы Сламбекова Б.Н. кітапхана тарихына, клуб жұмысына қысқаша тоқталып, Жюль Вернмен қысқаша таныстырды.

Қарағанды сән колледжнің студенттері Жюль Верннің өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырды.

Қарағанды кәсіби-техникалық колледжнің студенттері Василенко Денис, Хабибрахманова Анастасия, Моторина Татьяна, Колмыков Рамиль Жюль Верннің "Пятнадцатилетний капитан",  «Таинственный остров», «Двадцать тысяч лье под водой», «Путешествие к центру земли»романдарына талдау жасады.

Кітапхана оқырманы Смагулов Рымбай Төлеубаевич  Жюль Верннің «Пятнадцатилетний капитан»романы туралы өз ойымен бөлісіп, жастарға насихатын айтты.

Шараны кітапхананың орынбасары Волкова О.Н. жапты.

Клубқа мүше болып, алдағы уақытта да әдеби шараларға қатысам деушілерге клуб мүшесінің билеттері мен флаерлер таратылды.