2018 жылдың 13 сәуір күні ұлттық «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» күніне орай «Бақытты сәт» интелектуалды ойыны «Ғашық көңіл-мәңгі жасыл айдың көл» атты мерекелік кеші  өттті. Кешімізге 3 жұп қатысып, бақтарын сынады. Бұл жұптарымызға әділ бағасын беретін қазылар алқасы да болды. Қазылар алқасында: кітапханамыздың суретші- көркемдеуші, дизаинері- Сейсембекова Нуризат Нурлыгаиновна,ақын-Кәмшат Хасен және де көпшілікке қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі-Бақыт Қазбековна төрелік етті.

 Мерекелік кеш мынадай 5 бөлімнен тұрды:

1-бөлім: «Сәлем сөздің атасы»

2-бөлім:«Жүйрік болсаң қанекей...»

3-бөлім:«Өнерің болса, қанекей?»

4-бөлім:«Ұшқыр ойлы, жүйрік қиял жұпсың ба?»

5-бөлім: «Сегіз қырлы, бір сырлы»

Кешімізге қатысқан әр жұп өздерінше ерекше стильде дайындалған. Барлығы-бір бірінен өтеді. Қатысқан жұптарымыз: Бексұлтан-Арайлым, Жайдар-Тана, Ерғали-Гакку. Алғашқы бөлім бойынша жұптар өздерін таныстырып өтті. Екінші бөлімде қатысушыларымызға салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылды. Үшінші бөлімде жұптарымыз өз өнерлерін көрсетіп, ән айтты, би биледі және БОТА жастардың интеллектуалды орталығына арналып шығарылған ән шырқалды. «Ұшқыр ойлы, жүйрік қиял жұпсың ба?» бөлімінде жұптарымызға тосыннан оқиғалар берілді. Жастарымыз белсенділік танытып, әзіл-қалжынмен араластырып алып шықты. Келесі бесінші бөлімде жігіттерімізге тапсырма берілді. Өздерінің жұптарына бір қолмен әдемілеп орамал байлау керек болды. Барлығы да белсенділік танытып, жігіттеріміз шебер екенін дәлелдеді. Кеш барысында Мүскінов Ерасыл «Шың ғашықтар» әнін шырқаса, Бақтияр Орал «Ауылым» және «Бол жанымда»  әндерін орындап, кешіміздің сәнін одан әрі кіргізді. Қазылар алқасының бағалағаны бойынша қатысқан үш жұптарға мынандай номинациялар берілді: Бексұлтан мен Арайлымға «Көрермен көзайымы», Жайдар мен Танаға «Ең сүйкімді жұп», Ерғали мен Гаккуге «Ең үздік жарасымды жұп» деп марапатталды. Кешімізге қатысқан жұптарға және ән айтқан БОТА жастардың интеллектуалды орталығының мүшелеріне С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрына «Фариза мен Мұқағали» қойылымына жолдама берілді. Кеш соңында БОТА жастардың интеллектуалды орталығының мүшелері өлеңдерін оқып қорытындылады.

Кеш жүргізушілері:Амирғазы Еламан, Қарабек Әйкерім

Кеш қонақтары: Қарағанды құрылыс техникалық колледжінің студенттері, ақын Кәмшат Хасен және БОТА жастардың интеллектуалды орталығының мүшелері.