18 сәуірде Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында белгілі авар ақыны, Дағыстанның халық ақыны Расул Ғамзатовтың 95 жас мерейтойына арналған «Есть глаза у цветов» әдеби-музыкалық кеш өтті. «Famous Books» әлем әдебиетін сүйіп оқушылар клубының мүшелері Дағыстан халқының торығу мен үмітінен туындаған ақынның шығармаларын оқып, кітапханашылар  ақынның өмірібаяны мен шығармашылығына арналған слайдтар көрсетті. «Дағыстан» ұлттық-мәдени орталығы АҚ өкілдері қатысып, орталықтың төрағасы Ширинов Рамиз Ширинович сөз алып, әр бір дағыстандықтардың жүрегінде орын алған ұлы ақынның  өміріне шолу жасады. Кеш жүргізушілері Штранская Алина мен Кашаубаев Султан Расул Гамзатовтың шығармаларын туралы, сол  сәттегі ақынның сезімдерін әдемі жеткізе білді. Расул Гамзатовтың шығармашылығына қызығушылық танытып жүрген оқырмандар «Если в мире тысяча мужчин….», «По горным дорогам», «Есть глаза у всех цветов», «Берегите Мать», «Берегите друзей», «Кешір мені, жүрегім», «Я памятник себе воздвиг из песен...», «Журавли» өлеңдерін оқыды. Қарағанды қаласындағы «Хайдакъ» ұлттық би ансамблінің орындауындағы авар биі көпшіліктің қошеметіне ие болды. Жүргізушілер «Журавли»  әнінің шығу тарихына тоқталып, би тобы әнге қойылым көрсетті. Кітапхана басшысының орынбасары О. Н. Волкова кітапхана қонақтарына алғыс білдіріп, кітапхана оқырманы болуға шақырды.

Әдеби-музыкалық кешті өткізуге ат салысқан Қойбағар Ақтолқын «Лингва»- тіл және аударма институты, №57 мектеп-лицейінің оқушысы Жақсыбаева Әйгерім, Қарағанды кәсіби-техникалық колледжінің студенттері: Моторина Татьяна, Вагайцева Арина, Колмыков Рамиль, Басманова Ангелина, Василенко Денис, Қарағанды машина жасау колледжінің студенттері: Быстров Евгений, Казак Артем және «Дағыстан» ұлттық-мәдени орталығы АҚ өкілдері, «Хайдакъ» ұлттық би ансамблі алғыс хаттармен марапатталды. Шара соңында шараға қатысушылардың назарына «Пусть лишь любовь живет в моих стихах…» кітап көрмесіне шолу жасалды.