Сәуірдің 19-ында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай балаларға қызмет көрсету бөлімі «Сүйікті кітаптар беттерімен» - «По страницам книг» атты әдеби квест өткізді. Ойынға № 48 ЖББМ 4-«Г» сынып оқушылары қатысты.

Ойын басынан бастап балаларды қызықтырды. Олар бағдарлы карталарды, шифрланған жолдауды және әдеби кейіпкер – Робинзон Крузодан шөлмектің ішінде келген хатты алып, тапсырмаларды орындауға кірісті. Балалар «Орлы» және «Скорпионы» атты екі командаға бөлініп,  жетекшілер – жүргізушілер көмегімен кітапхананың әр жерінде орналасқан кітап станцияларымен қиын әрі қызықты оқиғаларға толы жолды өтті. Балалар барлық күштерін салып, тапсырмаларды толығымен орындауға тырысты.

«Санкт – Петербург - Пансионат» станциясында балалар  сөздіктер мен каталогтар бойынша жұмыс жасады, ал «Цирк» станциясында әдеби сұрақ-жауап сайыстарының сұрақтарына жауап берді және уақытқа  «Литературные собачки» атты пазлды жинады. Балаларға  «Дорога драконов» станциясындағы кедергілерден өту тапсырмалары аса ұнады.

Ойынның соңында балалар басты тапсырманы ойдағыдай орындап, өздерінің біліктіліктері арқасында жолдаудың құпия шифрын ашып оқып, Робинзонға арналған қазыналар картасын тапты. 

Соңғы станцияда балалар сыйлықтармен марапатталды.

Квест түрінде өткізілген ойын балаларға өте ұнады. Олар бір-бірімен алған әсерлерімен бөлісіп, кітапханадан көтеріңкі көңіл-күймен шықты. Балалар өздерінің әдеби білімдерін тексерді, кітапхананың көптеген бөлімдерімен, сонымен қатар, Ж.Бектұровтың кабинет-мұражайымен танысты.  Кітапхана қызметкерлері балаларға қызықты экскурсия жасады, кітапханамызға есімі берілген жазушының шығармашылығымен таныстырды.