21 сәуірде мерзімді басылымдар мен мультимедиа залында орыс композиторы Александр Сергеевич Даргомыыжскийдің туғанына 205 жыл толуына орай «Он пушкинских героев петь заставил» атты кітап көрмесі құрылды.

Даргомыжский – орыс классикалық композиторлар мектебінің негізін қалаушыларының бірі, лирикалық опералық драманың және жанры мен стилі бойынша жаңашыл «әңгімелеу» (желдірме) операның авторы.

Оқырмандарды кітап көрмесімен таныстырып көрмеге шолу жасалды.

Атақты композитордың өмірі мен шығармашылығымен, М.Мусоргскийдың айтуынша «музыкалық шындықтың ұлы оқытушысы» А.С.Даргомыжский туралы Е.И.Канн-Новикованың «Хочу правды» атты повесінің үзінділерімен танысты.             

Тыңдаушылардың назарларына винилді үнтаспаларда А.С.Даргомыжскийдың музыкалық шығармалары ұсынылды: А.С. Пушкиннің поэмаларының негізінде жазылған «Каменный гость», «Русалка» опералары, «Ночевала тучка золотая» шығармасы.