22 сәуірде жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің абонементінде қазақ халқының қаһарман ұлы  Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы Қасым Қайсенов пен Қалқаман Әбдіқадыровтың мерейтойларына орай ұйымдастырылған «Қазақтың қайсар ұлы  Қасым батыр», «Дәуір суреткері»  атты  кітап көрмелері ұйымдастырылып шолу жасалды. Шолуда жазушылардың өмір жолына тоқталып, шығармалары таныстырылды. Қ.Қайсеновтың  «Естеліктер мен жазбалар» кітабынан оқырмандарға жазушының естен кетпес естеліктерінен үзінді оқылды. «Жау тылындағы бала» шығармасынан оқырмандар қысқаша мазмұнын айтып, партизан жазушының Украина, Молдова, Венгрия жерлерінде жүріп, жау тылында жасаған ерліктері туралы әңгімеледі.Ұлы Отан соғысы жылдарында арнайы тапсырмамен жау шебіне жіберіліп, онда партизан топтары мен құрамаларын ұйымдастыруға белсене қатысқан батыр ағамыздың ерлігі жас ұрпаққа үлгі-өнеге.

  Ал балалар әдебиетін  өркендетуге ерекше үлес қосқан Қ.Әбдіқадыровтың 115 жылдығына орай қойылған кітап көрмесінде жазушының өмірі, шығармашылығына тоқталып, шұрайлы да жатық тілде жазылған кітаптарымен таныстырылды. Халқымыздың даңқты перзенті Қажымұқан туралы өмірбаяндық повесі жайында айтылып, қысқаша мазмұнымен таныстырылды.