24 сәуірде Жастарға арналған «Білім көкжиегі» кітап апталығының аясында салтанатты безендірілген залда Қазақстан халқының бірлігі күніне және Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20-жылдығына арналған «Біз өз еліміздің патриоттарымыз» - «Мы – патриоты Казахстана!» атты Жастардың студенттік фестивалі өтті.

Осы фестивальдің мақсаттары: жастарды қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу, азаматтылық, толеранттылық, этносаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру, достық және сенімділік ахуалын құру, жастардың өздігінен даму және өзін-өзі таныту дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық әлуеттерін дамыту, белсенді шығармашылықпен уақыт өткізуді насихаттау және жастардың барлық қызметтер салаларына қатысу  талпыныстарын қолдау.

Плазмалық экранның үстінде «Қазақстан халықтарының достығы» және Астана туралы бейнероликтері ұсынылды. Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Н.К.Каленова құттықтау сөзін айтты. Фестивальді Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің артистері ашты. Олар эстрадалық әндерді, саксофонмен музыкалық композицияны орындады. Содан кейін барлық оқу орындарының студенттері фестивальдің мерекелік бағдарламасына белсенді қатысты.

Жастар Қазақстан, достық, Астана қаласы туралы патриоттық әндермен бірге қазіргі эстрадалық әндерді орындады. Астана қаласына арналған авторлық өлеңдер орындалды.  

Студенттердің орындаған әндері үлкен әсер қалдырды:  Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ студенті Тұрысбек Аяулым - «Кукушка»  және «Ана туралы баллада», КЭУ Диас Бөген мен Ислам Сәт «Астана», жоғары политехникалық колледждің студенті Болатов Жәнібек «Мой Казахстан». «Түған жер» атты үш әнді  ҚарМТУ студенттері Керимкулова Алтынай,  Молдақаш Шыңғыс және  жоғары политехникалық колледждің студенті Тиыштығұлов Дәулен орындады. Домбыра тарту өнерлерін жоғары политехникалық колледждің студенттері – Отынишев Диас, Әбдіқадыров Наурызбек көрсетті, Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» туралы әнін  Әлкенов Темірлан орындап шықты.   «Қазақстан», «Мен қазақпын», «Дружба народов Казахстана», «Столица Астана» және тағы басқа өлеңдердің жоғары политехникалық колледждің студенттері және «БОТА» ЖИО мүшелері Хайдаров Жайдар, Билисов Самат, Зырянов Михаил, Алишева Аружан және Өмірсерік Ажар оқыды. «Астана» туралы авторлық әнін «Фемида» Қарағанды заң колледжінің студенті Сапарова Мадина орындады, ал фестивальдің ең жас қатысушысы, №3 гимназияның 2 сынып оқушысы Сабитова Диана  «Астана» атты өлеңді орындады. «Де-жа-вю» бишілер тобы – Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері   Тамабеков Айбол, Закиров Алинур, Жанботаұлы Әбілқайыр және Қайыржанқызы Аяулым хип-хоп стилінде екі би орындады.

Іс-шараны қатысушылардың барлығы көтеріңкі көңілмен өткізіп, зал патриоттық, достық, бірлік рухына толы болды.

Біздің елордамыз жаңа, тәуелсіз, болашаққа бағытталған демократиялық Қазақстанның жолбасшысы болып табылады.

Іс-шараның соңында ұйымдастырушылар жастардың фестиваліне және Жастарға арналған «Білім көкжиегі» кітап апталығына белсенді қатысқандарды, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің артистерін және С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрын  алғыс хаттармен марапаттады.  Іс-шараның алдында және фестиваль біткеннен кейін қонақтар үшін кітапхана бойынша экскурсия, фотосессия ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай безендірілген «Қазақстан – достықтың киелі бесігі» атты кітап пен суреттер көрмесімен таныстырылды.