Error
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/biblioteka_bekturova/data/www/uniorlib.kz/images/2018/2_05
Notice
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2018/2_05

Мамырдың 2-сі күні  кітапханамыздың қызметкерлері мен «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының мүшелері «По велению души и сердца» атты қайырымдылық акцияның аясында Қарағанды облысы Қарағанды қаласының №1 қарттар мен мүгедектерінің медициналық-әлеуметтік мекемесінің тұрғындары мен қызметкерлері үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған іс-шараны өткізді.

 Іс-шараға қатысушылар шын жүректен қарттарды мамыр айының мерекелерімен құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір, жақсылық тілеп, бейбіт аспанымыз үшін алғыстарын білдірді.  

«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» атты әдеби-музыкалық композицияға Ерғали Манап пен Ерасыл Мүскінов орындауындағы «Катюша», «Атамекен», «Сәйгүлік» әндері,  М.Х.Фахрутдинова, Гәкку Жұмабекова, Әмірғазы Еламан,  Ербұлан Хұмарбек  және Аяулым Жұмабаева орындауындағы М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, Э.Асадов - белгілі қазақ және кеңес авторларының өлеңдері енді.  

Мерекелік бағдарлама ешкімді бей-жай қалдырмады. Іс-шараның соңында Давид Тухманов пен Владимир Харитоновтың «День Победы» әні сахнадан естіле бастаған кезде, залда отырғандардың барлығы оны бірге қосылып айтты.  

Ардагерлердің мерекелік көңіл-күйлері шараға ерекше өң берді, жақсы әсер қалдырды. Қарттар мен мүгедектер үйінің қызметкерлері біздің кітапхананы алғыс хатпен марапаттады.

{gallery}2018/2_05{/gallery}