26 сәуірде Ж.Бектұров атындағы ОЖК қызметкерлері В.Ф.Потанин атындағы Қорған облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен (Ресей федерациясы) ұйымдастырылған  «Эстафета поколений» атты облыстық семинардың  «Креатив-технологии в библиотечном краеведении» блогына online-тәртібінде қатысты. Семинар Қорған облысының 75-жылдығы мен Комсомолдың 100-жылдығына арналып ұйымдастырылды. Семинар жұмысының басты бағыты – кітапханалардың өлкетану жұмысы мен тарихи естеліктерді сақтау және ұрпақтардың бірізділігін нығайту жұмысы болып белгіленді.

2001 жылы біздің кітапханаға жазушы, ақын, публицист, аудармашы Жайық Кагенұлы Бектұровтың есімі берілді және кітапханада Ж.Бектұровтың  кабинет – мұражай ашылды. Қуғын-сүргінге ұшыраған жазушының мемориалды мұражайының ашылуы кітапханамызға ерекше мәртебе беріп, кітапхана жұмысының басты бағыттарының бірін анықтады – тоталитаризм зардабының тақырыбын ашу.  

Қорған қаласынан сұхбаттасуға қатысқан әріптестерімізбен Ж.К.Бектұров атындағы мұражайды құру, қойылымдар мен қорды ұйымдастыру, әдебиетшінің өмірі мен шығармашылығын жастар ортасында насихаттау, қызметкерлердің зерттеу жұмысының тәжірибесімен бөлістік. Мұражай туралы бейнероликтер көрсетілді, «Дәнекер» цифрлық мұрағатының электрондық кітапханасы ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері жасаған баяндамада жазушының аты берілген кітапхана атақты тұлғаның шығармашылық мұрасының мәдени және оқырлық тағдыры үшін үлкен жауапкершілікті көтеретіндігіне ерекше екпін қойылды.

Әріптестеріміз Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының жазушының мұражайын құру тәжірибесі 2017 жылы жазушы  Виктор Федорович Потаниннің есімі берілген  Қорған облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына қажетті болады деп тұжырымдады.  

Кітапханалар жанында ерекше, айрықша маңызды, тақырыптық мұражайлар ашылып жатыр. «МЦБ Лебяжьего района» балалар кітапханасы  директорының орынбасары  Е.Г.Самсонованың кітапхананың ерекше таңбасы - аққу мұражайы туралы баяндамасы кітапханашыларымызды қызықтырды.  

Шетел әріптестерімізбен іt-технологиялар арқылы ұйымдастырылған семинарлар кітапханалар тәжірибесімен танысуға, ақпаратпен, жаңа тәжірибелік жұмыстармен  бөлісуге, өзара байланыстарды нығайтуға және келешек өзара әріптестіктің бағыттарын жоспарлауға мүмкіндік береді.