16 мамырда ақпараттық-библиографиялық бөлімде  № 48 ЖББМ 7 және 9 сынып оқушылары үшін «Астана – Отанымыздың елордасы» тақырыбымен ақпарат күні өткізілді. Іс-шараға 35 адам қатысты. Мектеп оқушыларына елорда тарихынан әңгіме өткізілді. Оқушылар Астана туралы кітаптармен және фотоальбомдармен танысты. Сондай-ақ, балалар елордамыздың тарихы мен сәулетіне арналған «Астана» атты сөзжұмбақты шешуге белсенді қатысты. Балалар анықтамалықтар мен энциклопедияларды пайдаланып, барлық тапсырмалапрды орындады. Кітапхана қызметкерлері оқушыларды Ж.Бектұров атындағы ОЖК сайттарымен таныстырды және «Мен және менің елордам» атты фотобайқауға қатысуға шақырды.