Жеңіс күнінің қарсаңында Ж.Бектұров атындағы облыстық кітапханада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73-жылдығына арналған іс-шаралар өтті.

Іс-шаралардың бірі мамырдың 5-інде өтті.  № 48 орта білім беретін мектептің оқушылары үшін И. В. Панфиловтің 125-жылдығына және Панфилов дивизиясының тарихына арналған «Ұлы Жеңіс беттерінен» - «Страницы Великой Победы» тақырыбымен әңгіме өтті.

Іс-шара бір минут үнсіздіктен басталды, балалар соғыста қаза болғандардың ерлігіне бас иді.

Оқушылар аттары аңызға айналған панфиловшылардың 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы Қарлы жорықтағы ерліктері туралы әңгіме тыңдады.

Панфилов дивизиясының алдына аса қиын міндет қойылды: қалың қар үстімен тоғай ішіндегі соқпақпен шығып, жау қорғаныс шебін бұзып, неміс – фашист әскерінің соғыс майданынан алыс аулақ жерлеріне рейдтер жасап, Холм қаласына шығып, содан соң Калининский фронтының әскеріне қосылу.

Қарлы жорық ұзақ, қиын, шынында ерлік жорық болды. Жорықтың барысында өшпес ерліктерін көрсеткендер: Төлеген Тоқтаров, Василий Пудовкин, Борис Новиков, Анна Маслова, Абдрашит Батырбеков, Мәлік Ғабдуллин. Қаһармандардың есімдері Ресейдің мектептері мен көшелеріне берілді, Қазақстанда панфиловшылардың ұлы ерліктерін еске алады. Кітапханашы бұл ерлік жорықтың егжей-тегжейі Қарлы жорыққа қатысқандардың тірі қалғандары Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдұллиннің және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының естеліктері мен жазулары негізінде толықтырылғандығы туралы оқушыларға айтып берді.   

Генерал – майор И. В. Панфилов 1941 жылдың 18 қарашасында Волоколамск маңайындағы майдан даласында қаза тапты. Аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының ерлік жолы мейірімділік пен әділдік мұраттары үшін әртүрлі ұлттар мен мәдениеттерді жеңіске деген талпыныста бірігетіндігін дәлелдейді. 

Сол қасіретті соғыста Панфилов дивизиясы батырларларының жасаған ерліктері қазіргі ұрпақтардың мәңгі естерінде қала береді.