Мамырдың 18-інде кітапханада  «Famous Books» әлем әдебиетін әуесқойлар клубы жұмысының аясында чех жазушысы, әзіл-сықақ жазушы, журналист Ярослав Гашектің шығармаларына арналған «Гашектің жалпы әлемге танылуы» атты ауызша журнал өтті.

Іс-шараға Сән колледжінің студенттері, колледж кітапханашысы  Алипбиева Нариман Кайырбековна қатысты.

Ауызша журнал үш кезеңмен өтті. Бірінші кіріспе бөлімде оқу залының кітапханашысы Сламбекова Б.Н. оқырмандарды Я.Гашектің өмірбаянымен таныстырды.

Ауызша журналдың екінші бөлімінде атақты чех жазушысының шығармашылығы туралы ақпаратты дайындаған студенттер сөз сөйледі.  Іс-шараға қатысушылар жазушының «Швейк сарбаздың қызықты оқиғалары» романы бойынша талдауды дайындады.   

Клуб отырысының соңында «Швейкке арналған ескерткіштер» атты слайд көрсетілді. Оқу залында чех жазушысының шығармаларына арналған тақырыптық көрме безендірілді.