24 мамыр күні жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің мультимедиа залында орыс композиторы, атақты пианист, дирижер Сергей Васильевич Рахманиновтың 145 жас мерейтойына арналған «Патриот в добровольном изгнании» атты музыкалық сағат өтті.

Композитордың шығармашылығы алуан түрлі. Ал музыкасы өмір құбылыстарына бай, бірде жойқын күшімен, бірде өршіл әдебилігімен, бірде шексіз қуаныш пен бақытқа толы сезімдерімен тыңдаушысына игі әсер қалдырады. Музыкалық сағатқа қатысушылар композитордың винилді үнтаспаға жазылған «Юношеская симфония», «Князь Ростислав», «Утес», «Соната для фортепиано № 2», «Шесть музыкальных моментов», «Шесть хоров» атты шығармаларын тыңдады.

Жастарды Сергей Васильевич Рахманиновтың өмірімен, шығармашылық жолымен таныстыру мақсатында кітап көрмесі құрылды. Қатысушыларға В.Н.Брянцеваның «Детство и юность Сергея Рахманинова», Н.А.Калининаның «С.В.Рахманинов», А.И. Кандинскидің «Оперы С.В.Рахманинова» атты кітаптарына шолу жасалды.