30 мамыр күні кітапханада «Кітапханалар жұмысы жаңа қоғамдық шындық тұрғысында» атты облыстық семинар өтті.

Семинар бағдарламасы әртүрлі және маңызды болды.

Семинарды кітапхана басшысы Каленова Нұргүл Қасымханқызы «Замануи кітапхана заманауи ақпараттық қоғамда» атты баяндамасымен ашты. Ол қоғамның өзгерілген талаптарына дәстүрлі кітапхананың бейімделуі мәселелеріне тоқталды.

Содан кейін «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол»/ Рухани жаңғыру: путь в будущее» тақырыбымен  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы» ММ әлеуметтік және білім беру жобалары саласының жетекші сарапшысы Хамитова Ақбота Камойқызы сөз сөйледі. Семинар қатысушылары үшін Елбасы кітапханасы жұмысының басты бағыттары туралы таныстырылым және тренинг өткізілді. Сөз сөйлеудің басты мәселесі – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау. Семинар қатысушылары тақырып мазмұндалуының қызықтығы мен ерекшелігіне назар аударды.

Біздің кітапханашыларымыз тарихымыздың маңызды кезеңдерін тренинг нысанында таңып білу тәжірибесін оқырмандармен жұмыс істеуде пайдалануды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, дәріскердің сөз сөйлеудегі ерекше дарындылығының арқасында семинар-тренингтің барлық қатысушыларын қызықтырып, жұмысқа белсендірілді.

Кітапхананың мамыр айындағы семинарлары дәстүрлі түрде «Көкжиек» («Горизонты») Мемлекетаралық жобасының негізінде өткізіледі. Биылғы семинарда Оn-line тәртібінде Орынбор және Қорған қалаларының  ресейлік әріптестерімізбен сұхбаттасу жүргізілді.

Семинар қатысушылары үлкен қызығушылықпен Н.К.Крупская атындағы Орынбор әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану бөлімінің меңгерушісі Айгуль Айткалиевна Утевалиеваның (Орынбор, Ресей) «Орынбор облысының әдеби картасы» өлкетану қоры ұсынылған баяндамасын тыңдады. Бұл қор – биографиялық және библиографиялық материалдар, орыс және кеңес жазушыларының, ұлттық әдебиеттер проза жазушылары мен ақындарының, әдебиет сыйлықтары лауреаттарының, әдебиетшілер-майдангерлердің  шағармаларының электрондық мәтіндері енгізілген өлкенің әдеби өмірі туралы электрондық  энциклопедиясы.

Осындай жұмыс біздің кітапханаларымызда да өткізіледі, өлкетану қорын құру және жүргізу жөніндегі біздің ресейлік әріптестеріміздің тәжірибелері біз үшін өте маңызды. Семинарға қатысушылар Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында, «Туған жер» бағдарламасында айтқан отансүйгіштік өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімінен басталады деген сөздерін келтіріп, кітапханалардың заманауи өлкетану қызметін елбасымызбен қолдайтындығын белгіледі. Өлкетану дегеніміз – өзінің кішігірім отанын, оның тарихы мен мәдениетін сүйгендігін мойындау деген сөз.

Келесі оn-line байланыс В.Ф.Потанин атындағы Қорған облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен (Қорған қ., Ресей) өтті. «Жасөспірімдер мен жастар ортасында кітап оқуды жылжытудың заманауи тәжірибелер: В.Ф. Потанин атындағы Қорған облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының жұмыс тәжірибесімен танысу» ақпараттық хабарламасымен  В.Ф. Потанин атындағы Қорған облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдістемелік қамтамасыз ету және балалар мен жасөспірімдер оқуының психологиясы бөлімінің меңгерушісі Акимова Светлана Александровна сөз сөйледі.

Ол осы бағыттағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Кітапхана кітап оқуды жылжыту барысында  оң нәтижелер беретін тиімді құралдар мен әдістерді пайдалануға тырысады. Бұл ақпараттық технологиялар мен виртуалды кеңістіктің мүмкіншіліктері, кітапхананың кітап оқудың күрделі мәселелеріне арналған халықаралық, жалпыресейлік және аймақаралық іс-шараларға қатысуы,  мәдениет пен білім беру салаларындағы әлеуметтік серіктестік, бағдарламалық-жобалық жұмыс, белсенді баспа қызметі, жұртшылықтың кітап пен кітап оқуға назарларын аудару мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіншіліктерін пайдалану. Баяндамада атақты жерлес, белгілі ресейлік жазушы В.Ф.Потаниннің мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға бағытталған «Наш Виктор Потанин» атты кітапхана жобасын іске асыру мәселесіне үлкен назар аударылды. Баяндамамен бірге фото-таныстырылым ұсынылды.

Шайға үзілістен кейін жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі  Мурзатаева Бахыт Казбековна әріптестердің алдында «Жасөспірімдерге қызмет көрсету: шығармашылық пен ізденіс»/«Обслуживание юношества: творчество и поиск» тақырыбымен баяндама жасады. Ол жастарға кітапханалық қызмет көрсетудің қазіргі үрдістері, жас ұрпақтың ақпараттық, білім берушілік, мәдени және бос уақытты өткізу жөніндегі талаптарына сай келетін ортаны қалай қуруға болатындығы туралы мәселелер қозғады. Баяндамамен бірге көркем безендірілген таныстырылым ұсынылды.

Содан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі басталды. Жаңартпашылық-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Алдонгарова Гульнар Мухтаровна "ЕЛ ЖҮРЕГІ - АСТАНА" Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу Тұжырымдамасының аясындағы жас кітапханашылар арасында ең үздік виртуалды көрмесіне жарияланған «Отанымды сүйемін» атты облыстық байқаудың қорытындыларын айтты.

Байқау екі номинация бойынша өткізілді: біріншісі - «Менің елордам – менің мақтанышым» және екіншісі - «Менің өлкем – менің мақтанышым».

Байқауға 21 жұмыс тапсырылды, соның ішінде 13 жұмыс  - бірінші номинация бойынша және 8 жұмыс – екінші номинация бойынша.

Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен келесі қатысушылар марапатталды:

«Менің елордам – менің мақтанышым» номинациясында:

1 орын - Бозова Бибинур Ерлановна: «Астана – елімнің құт мекені», Балқаш қаласының ОКЖ;

2 орын – Елефтерияди Регина Федоровна: «Летопись сердца Евразии», Осакаров ауданының ОКЖ;

3 орын – Исатаева Айгуль Ермековна: «Еңсесі биік Елорда», Шет ауданының ОКЖ.

«Менің өлкем – менің мақтанышым» номинациясында:

1 орын - Шаймонова Шабнам Хайтмуратовна: «Мой край – моя гордость», Сәтбаев қаласының БЖК;

2 орын - Досетова Жаннель  Маратқызы: «Уық шаншылған Ұлытау», Жезқазған қаласының ОКЖ;

3 орын - Бергенова Гаухар Аманғалиқызы: «Жерлесіміз Ғалым Жайлыбай 60 жаста», Жаңа арқа ауданының ОКЖ.

Көтермелеу сыйлықтары:

1.Сивожелезова Наталья Юрьевна: «Менің Елордам – Менің Мақтанышым», «Теміртау қ. ОКЖ» КММ;

2. Мустафина Сәнді Далабайқызы :«Астана – жемчужина Сарыарки», «Саран қ. ОКЖ» КММ;

3. Мағден Айжан Құдайберліқызы: «Астана», Ақтоғай ауданының ОКЖ.

 

Байқауға қатысқан барлық қатысушылар байқауға қатысқандары үшін мадақтау қағаздарымен марапатталды.

Семинардың соңғы бөлімінде облыс кітапханалары Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Достық үйіне көшпелі экскурсияға шақырылды.

Семинарға қатысушылар Достық үйінің көріктілерімен танысытырылды. Қазақстан халықтарының тұрмысын, тарихын, мәдениетін ұсынатын 20 астам этномәдени бірлестіктердің стендтері кітапханашыларға үлкен әсер қалдырды.

Семинар қатысушылары Достық үйінің кітапханасын қарап шықты. Кітапханада көптеген әдебиеттер бар, осында оқырмандарға қорға ашық қол жеткізу және кітапты үйге алу мүмкіндіктері ұсынылады.

Экскурсияның соңында мұражай жұмысы жөніндегі маман Мүгүлсім Ғубайдуллақызы Шибаеваға Достық үйі бойынша қызықты ұйымдастырған экскурсия үшін алғыс хат берілді.

Семинар модераторы, кітапхана басшысының орынбасары Волкова Ольга Николаевна облыс кітапханашыларына семинарға белсенді қатысулары үшін алғыс білдірді. Семинар жұмысын қорытып, Ольга Николаевна қоғамда болып жатқан өзгерістердің қазіргі кітапханалар дамуының қуатты факторлары болып табылатындығын айтты. Олар міндеттер мен әлеуметтік функцияларды таңдауға, кітапханалық-ақпараттық қорларды қалыптастыруға, пайдаланушыларға қызмет көрсетуге, кітапханалық технологиялар мен персоналды дамытуға, жұмыстың дәстүрлі бағыттарын жаңғыртуға және жаңа бағыттарын меңгеруге үлкен әсер етеді.

Іс-шараның соңында барлық қатысушалыр сертификаттармен, алғыс сөздермен марапатталды, семинар тақырыбындағы материалдар таратылды.

 

Семинар жұмысы жөніндегі материалдар ұйымдардың сайттарында жарияланды:

Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті  – Елбасы кітапханасы

Қол жеткізу тәртібі: http://presidentlibrary.kz/ru/news/professionalnyy-obmen-opytom-sotrudniki-biblioteki-elbasy-proveli-vyezdnye-treningi

В.Ф. Потанин атындағы Қорған облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы (Қорған қ., Ресей).

Қол жеткізу тәртібі: http://kurganlib.ru/category/news/

«Виртуальное методическое объединение библиотек, работающих с молодежью» – Ресей жастарға арналған мемлекеттік кітапханасының интернет-жобасы

Қол жеткізу тәртібі http://vmo.rgub.ru

Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Достық үйі

Қол жеткізу тәртібі: http://kelisim.kz/ru/news/