23 тамызда облыстық клиникалық балалар ауруханасының аумағында кітапхана қызметкерлері ашық аспан астындағы оқу залы мерекелік промо-акциясын өткізді. Мерекелік шарада көпшілікке Қазақстан Республикасының Конституция күніне, Шахтерлер күніне арналған кітаптар, анықтамалықтар, ересектер мен балаларға арналған ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттер, жазушы, публицист Ж.К.Бектұровтың шығармалары, «100 великих» сериясының тамаша кітаптары ұсынылды.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Конституция күніне орай «Ата заң –елдіктің асыл тірегі» атты ашық көрме ұйымдастырылды, акцияға қызығушылық туғызған қала тұрғындары және қонақтарымен «Ата заң тұрақтылығы – Қазақстан тұрақтылығы- Стабильность Конституции – стабильность Казахстана» атты тарихи-экскурсиялық викторина өткізілді. Қатысушыларға Конституцияның мемлекет үшін қаншалықты маңызы бар екендігі, Қазақстан Республикасында қанша конституция қабылданғаны, елдегі ең алғашқы заңдардың әлемде пайда болуы туралы және т.б. айтылды.
Кітапхана қызметкерлері оқу залы жұмысы кезеңінде кітапхана жайлы, кітап қоры және мерзімді басылымдар туралы ақпараттар берді, әдебиеттерге шолу жасады, буклеттер мен бетбелгілер, жаднамалар таратты. Барлық мүдделі тұлғалар кітапханаға жазылып, "Оқырмандар" - жаңа мәртебесін алды!