Шілденің 25-інде кітапхана қызметкерлері жоспарланған көшпелі семинарларды жалғастырды.

Нұра ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары үшін Киевка поселкесінде семинар ұйымдастырылды. Семинар тақырыбы: «Кітапханалардың жобалық өлкетану жұмысы».

Осакаров ОКЖ директоры Кумпан Лидия Арсентьевна семинар жұмысына табыс тілеп, Ж.Бектұров атындағы ОЖК жаңартпашылық-әдістемелік бөлімінің басшысы Гүлнар Мұхтарқызы Алдонғароваға сөз берді.

Алдонғарова Г.М. әріптестерін Нұра ауданы құрылуының 90-жылдығымен және кітапхананың 80-жылдығымен құттықтады.  

Өзінің баяндамасында «Латын жазуына көшу – уақыт талабы. Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының жұмыс тәжірибесі» тақырыбындағы таныстырылымды келтіріп, Алдонғарова Г.М. Ж.Бектұров атындағы ОЖК қазақ тілінің латын қарпіне көшуі жөніндегі насихаттау іс-шараларын өткізу тәжірибесімен бөлісті. Семинарға қатысқан кітапханашылар қазақ тілінде оқылған мәтінді латын қарпімен жазу тапсырмасын зор қуанышпен орындады.

Барлық қатысушылар тапсырманы ойдағыдай орындады: Вагнер Наталья Ивановна – Байтуған модельді ауылдық кітапханасы, Ибраева Нұржамал Накыповна – Соналы ауылдық кітапханасы, Кошкумбаева Гульмира Мураткызы – Ахметауыл модельді кітапханасы, Курманова Гүл Талаповна – Кеншілер ауылдық кітапханасы, Кухарская Светлана Михайловна – Тассуат ауылының модельді кітапханасы, Мисник Ксения Викторовна - Көбейтей балалар кітапханасы, Мустафина Ботакоз Ахметовна – Ақмешіт ауылының модельді кітапханасы, Оспанова Айжан Армиевна – Майоровка ауылдық кітапханасы.

Жасөспірімдер қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімінің жетекшісі  Шмойлова Надежда Федоровна «Өлкетану туралы  ақпаратты насихаттау: кітапханалардың жұмыс тәжірибесінен» баяндамасымен сөз сөйледі. Баяндамада жастар арасында өлкетану білімдерін насихаттау жұмысы, өлкетану кітабымен жаңарпашыл жұмыс түрлерін қолдану туралы мәліметтер келтірді.

Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Мурзатаева Бахыт Казбековна өзінің: «Жасөспірімдерге қызмет көрсету: шығармашылық және ізденіс» баяндамасында кітапханадағы өлкетану жұмысының түрлері мен әдістеріне тоқталып, «Где? Где? В Караганде!» атты өлкетану ойнының өткізілу ерекшеліктеріне назар аударды. Қазіргі уақытта осындай ойындар облыстық жобалар ішіне кіргізіліп, Қарағанды облысының жасөспірімдеріне өздерінің шағын отандарының тарихына ерекше көңіл аударуына мүмкіндік береді.

Семинар қатысушылары іс-шараның өткізілуіне үлкен қызығушылықтарын білдіріп, ойынның өткізу әдістемесі бойынша бірнеше сұрақ қойды. Мурзатаева Б.К. толық мәлімет беріп, семинар қатысушыларына жергілікті өлкетану материалдарының негізінде квест-ойынға сұрақтарды дайындау тапсырмасын ұсынды.

 Кітапханашылар екі командаға бөлініп, жұмысқа кірісті. Содан кейін ойдан шығарылған сұрақтар бойынша жаттықтыруды жасап, семинар жұмысын жандандырып жіберді.

Семинар барысында Нұра ауданының ОКЖ ақпараттық-библиографиялық бөлімшесінің жетекшісі А. К. Садыгулова «Кітапханалардың өлкетану қорларын қалыптастырудың жаңа тәсілдемелері» - тақырыбында сөз сөйледі.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің өлкетану жұмыстары ауқымды және әртүрлі. Ж. Бектұров атындағы ОЖК қызметкерлеріне Нұра ауданының 90 жылдығын мерекелеу  аясында өткізген «Өз өлкемді білгім келеді» атты  «Тассуат – Мыңбай ауылы - Тассуат» велосипед жарысы,   кітапханашылар ұсынған өлкетану тақырыбындағы  кәсіби іскерлікпен безендірілген кітап  көрмелері  жұмысы ұнады.  Кітапхана сайтында «Өлке» рубрикасы бар,  оның қосымша тараулары мұқият әзірленге және әрдайым жаңа материалдармен үнемі жаңартылып отырады.

Семинардың соңында дәстүрлі түрде ашық трибуна өткізілді. Семинарға қатысушылар өздерінің пікірлерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Кітапханашылар осындай семинарлардың қажеттілігі мен  пайдалылығын атап өтті, ұйымдастырушыларға мұқият дайындалған теориялық және тәжірибелік ақпараттар үшін алғыстарын білдірді.