Жыл сайынғы «Абай тағылымы – халық даналығы» атты

ХIІ Абай оқуларын өткізу туралы ақпарат

 

2018 жылғы 20 қыркүйекте Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қарағанды облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен жыл сайынғы дәстүрлі «Абай тағылымы – халық даналығы» атты ХIІ Абай оқуларын ұйымдастырып өткізді.  

Іс-шараны кітапхана басшысы Каленова Нұргүл Қасымханқызы ашты. «Абай тағылымы – халық даналығы» атты байқау 2006 жылдан бастап өткізіліп келе жатыр. ХІІ Абай оқуларының марапаттау рәсімі  өткізілді. Ұлы ақын Абай ескерткішінің алдындағы алаңында «Абай дана, Абай дара қазақта» атты кітап пен сурет көрмесі безендірілді.  

Құттықтау сөздерден соң қазақ биі орындалды, жастар Абай ескерткішіне гүл қойды. Іс-шараның барысында Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің артистері Абай өлеңдеріне шығарылған әндерді орындады.

ХII Абай оқуларының аясында Қарағанды облысының жастары арасындағы «Абай тағылымы – халық даналығы» атты облыстық байқау өткізілді. Байқау «Арнау» және «Эссе» 2 номинациядан тұрды.  Абай оқуларына Қарағанды облысының 15-25 жас аралығындағы жастарынан барлығы 63 жұмыс түсті. Арнау – 32, Эссе – 31. Байқауға Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Шет, Балқаш, Нұра, Осакаровка, Жезқазған, Қаражал, Приозерск,  Теміртау қаласы және Қарағанды қаласынан мәңерлеп оқушылар қатысты. Әділқазылар алқасының құрамында белгілі ақындар мен әдебиетшілер болды. «Арнау» номинациясы бойынша Бақытқали Мұсабеков, Салтанат Смағулова, Рауан Қабидоллин болса, «Эссе» номинациясы бойынша Куаныш Мақсұтов, Жанболат Баймұрынов, Ілияс Мұқай. Жұмыстар алдын-ала іріктеліп, жүлдегерлер анықталды.

«Арнау»

Гран-при – Мұхамеджанов Жанәлі, Балқаш қаласы, Қазақтың спорт және туризм академиясы, 2 курс студенті

І орын – Әлішер Бөкен, Ақтоғай, 9-сынып

ІІ орын –Иманалиова Сара, Жезқазған, Жезқазған гуманитарлық колледжі

ІІІ орын – Риспанбетов Қайрат, Теміртау қаласы, №5 қазақ орта мектебі

«Эссе»

Гран-при – Кайруллина Динара, Жаңаарқа, Ыңталы 11-сынып

І орын – Жиенқұлова Ақерке, Жезқазған, Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

ІІ орын – Төлеуғали Әлия, Жаңаарқа, Қарағанды гуманитарлық колледжі

ІІІ орын – Серікжанова Тоғжан, Қарағанды Банк колледжі

 

Абай өлеңдері Қарағанды облысы жастарының, әдеби байқаудың жеңімпаздарының және мерекелік бағдарламаның қатысушыларының орындауында ұсынылды.

Іс-шараның барысында қазылар алқасының мүшелері жастарға арнап жылы тілек сөздерін айтты.  

Мерекелік күзгі күні жиналғандардың барлығын кітапқа, поэзияға, музыкаға, ұлы қазақ ақынымыз Абайға деген сүйіспеншілік сезімдері біріктіріп отырды. Іс-шараға барлығы 150 адам қатысты.