25.10.2018 ж. сағат 14.00-де жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Famous Books» әлемдік әдебиет әуесқойлар клубының аясында әлем әдебиетінің классигі, орыс жазушы Л. Н. Толстойдың 190 жылдығына орай шығармашылығын насихаттап, оқуға ынталандыру мақсатында  «По страницам жизни Л.Н.Толстого» атты ауызша журнал өтті.

Қарағанды облысы білім басқармасының «Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» № 1 гимназия № 38 гимназия № 97 гимназия, «Сламия Саттаров атындағы № 57 мектеп - лицей» оқушылары және Қарағанды кәсіби-техникалық колледж, ҚҚЭУ студенттері қатысты.

Кітапханашы Сламбекова Б. Н. клуб жұмысына қысқаша тоқталды. Л. Н. Толстойдың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы видеоролик көрсетілді.

Оқырмандарға кеңінен таныс «Детство», «Отрочество» «Юность», «Война и мир», «Анна Каренина» атты шығармаларына талдау жасалды. Оқушылар мен студенттер отбасындағы ата - ананың балаларына деген қарым - қатынасы; қоғамның жастарға тигізетін ықпалы; бейбітшілік пен соғыс; махаббат тақырыбы; шығармаларындағы әйел бақыты тақырыбында өз ой пікірлерін ортаға салып, өз көзқарастарын білдірді.

Белсене қатысқан оқырмандарды атап айтсақ, олар Кашаубаев Сұлтан (ҚКТК), Колмыков Рамиль (ҚКТК), Оркашбаева Гауһар (38 гимназия), Байхат Айсана (57 мектеп - лицей), Қайрбеков Дәуірбек (57 мектеп - лицей), Түсіп Мұхамедарыстан (Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернат), Шишкина Ева (№ 97 гимназия).

Клубқа мүше болып, алдағы уақытта да әдеби шараларға қатысам деушілерге клуб мүшесінің билеттері мен флаерлер (клуб жұмысының жоспары) таратылды.