Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы поэзия падишасы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» республикалық рухани мәдени акциясы аясында "Мұқағали - мәңгілік жыр" атты онлайн форматта поэтикалық баттл өткізді.

Қазақтың ақиық ақынының өмірі мен шығармашылығын өскелең ұрпаққа таныту мен дәріптеу мақсатында өткізілген бұл сайысқа Қарағанды облысының 15 пен 22 жас аралығындағы жастар қатысты. Байқау Instagram әлеуметтік желісінде ұйымдастырылып, өлең сүйер жастар, поэзия жанкүйерлері арасынан кең қолдау тапты. Баттл шарттары бойынша әр қатысушы, ақын Мұқағали Мақатаевтің шығармашылығынан 1 немесе 2 өлеңін видеоға түсіріп алдын-ала жіберді. Ал, қатысушылардың өнерлерін сіздер, әлеуметтік желідегі оқырмандар бағаладыңыздар.

Поэтикалық баттл қорытындысы бойынша шебер орындаушылығымен көрермендерден ең көп дауыс жинаған - Әбілда Еркебұлан Майлыбайұлы, ( ҚарМТУ -нің 3- курс студенті) жеңіске жетті.
«Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша - Гүлсезім Мұхтарова, (Қаражал қаласы, №5 ЖББМ-тің 10 сынып оқушысы);
«Көркемсөз шебері» номинациясы бойынша - Айдын Айым (Ж.Бөкенов атындағы Қарағанды банк колледжінің 1 курс студенті),
«Өзіндік ерекшелігі үшін» номинациясы бойынша - Әлиева Айзере (Р.Сағымбеков атындағы №18 ЖББМ-тің 9 сынып оқушысы) марапатталады.
Жүзден жүйрік шыққан жастарымызға арнайы дипломдар мен алғыс хаттар табысталады. Іс –шарамызға белсенділік танытып, қатысқан барлық қатысушыларға ерекше алғысымызды білдіреміз. Талаптарыңызға нұр жаусын!⁣

 

#Бектуровка #МұқағалиМақатаев  #Өлендер #Акын #Поэтикалықбаттл #Қазақстанәдебиеті