2021 жылдың 19 ақпан күні Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Тарих. Тұлға. Тағдыр» жобасының аясында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Халық жыршысы» атты ZOOM платформасында тарихи - әдеби кеш өтті.         Модератор: Ермағамбетов Ерзат Молдабекұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының аға оқытушысы (Қарағанды қаласы).
Іс – шара барысында Ж. Жабаевтың туыстары, жерлестері Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылынан Жамбылова Салтанат Тезекбайқызы музей меңгерушісі, Тезекбай Қарлығаш Бейбітханқызы қор сақтаушысы, Қылышбаева Ұлан Жармұхаметқызы экскурсоводы Ж. Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейіне виртуалдық экскурсия өткізді және Ж. Жабаевтың шөбересі Мұратхан Жамбылов естеліктерімен бөлісті. Жамбыл атамыздың құнды жәдігерлері сақталған музей экспозициясы ерекше әсер қалдырды.
Кеш қонақтары сөз сөйлеу барысында көрермендерге Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты және біршама танымал деректерді ұсынды.