Назарларыңызға - Қазақстан Республикасындағы Отбасы күніне арналған «Жанұя жарастығы» ілулі кітаптар көрмесін ұсынамыз.

Қазақстанда Отбасы күні 2021 жылдың 12 қыркүйегінде тойланады. Әр адам үшін өмірдің ең басты құндылығы - отбасы. Қазақ елі отбасылық байланыстар мен жылы туыстық қатынастарды жоғары бағалайды. Отбасы - еліміз үшін сарқылмайтын қолдау көзі, қуаныш және бір-біріне деген өзара көмек көрсету мекені. Мықты отбасылардың арқасында халықтық дәстүрлерді, рухани және мәдени құндылықтарды сақтауға және арттыруға болады. Отбасы - сүйіспеншілікке, өзара түсіністікке, шыдамдылық пен сыйластыққа толуы маңызды, осы арқылы отбасының әрбір мүшесі өз мүмкіндіктерін орындай отырып, бақытты һәм табысты болады.

Ілулі кітаптар көрмесінен отбасы құқығы, отбасының адам өміріндегі рөлі, отбасылық қарым-қатынасты құру және бала тәрбиесі туралы кітаптарды таба аласыз. Мұнда сіз сонымен қатар, отбасыңызбен бос уақытты ұйымдастыру бойынша әдебиеттермен таныса аласыз. Оқырмандарымызды мерекемен құттықтаймыз! Баршаңызды жастарға арналған оқу залында орналасқан көрмені тамашалауға шақырамыз.

Кітапханаға кіру «Ashyq» қосымшасы арқылы барлық санитарлық -эпидемиологиялық нормаларға сәйкес жүргізіледі.

#Бектұров #махаббат #Отбасы күні #мейірімділік #отбасылықоқу #кітаптар #отбасы #өзаратүсіністік о#тбасылықдемалыс  #облыстық кітапхана #жастаркітапханасы