10 қыркүйек кітапханамызда «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің» «Кітапхана ісі» мамандығының 1 курс студенттері қонақта болды.
Болашақ әріптестері үшін кітапхана қызметкерлері кітапхана залдары бойынша экскурсия өткізді. Cтудент жастар Ж.К. Бектұровтың музей-кабинетімен және оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жұмыстарымен танысып, «Bilim ortalyǵy»коворкинг орталығында болды. Кітапхананың 45 жылдық мерейтойына арнаған құттықтау лебіздері, қызметкерлер үшін ерекше жағымды болды. Сондай-ақ, кітапханаға арналған ізгі-тілектері жазылған түрлі-түсті стикерлер "Кітапхана мерейтойы - баршаға арналған мереке!» атты квилт-стендіне орналастырылды. Өз кезегінде кітапхана қызметкерлері қонақтарға кітаптар мен жарнамалық буклеттерді сыйлады.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1222-10-yrk-jek-2021#sigFreeId5f0516f68a