7 қазан күні кітапхананың әлеуметтік желілер беттерінде және Ютубканалында жерлесіміз, белгілі қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған "Өлеңмен өрген өмірің" атты өлеңдер оқу күні өтті. Онлайн-шараға 21 адам қатысты. Олар Қарағанды облысының жастары: оқушылар, Қарағанды қаласының оқу орындарының педагогтары, аудандық кітапханалардың оқырмандары.

 

Іс-шараның мақсаты: жаңашыл ақын Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жастарды қазақ поэзиясының үздік үлгілеріне баулу, жастардың бойында патриоттық сезімді, туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.