5 қарашада "Әдемі" клубының жұмысы аясында «Адамның бойында бәрі де әдемі болуы керек...: керемет макияж» атты мастер - класс өтті.

Макияж кез-келген стильді образдың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Косметиканың қандай түрін пайдалану, сонымен қатар оны қолдану тәсілін де білу өте маңызды. Теріңіз мінсіз, ал макияж әдемі көрінуі үшін белгілі бір құпияларды білуіңіз қажет. Клуб мүшелері сұлулықтың осындай негізгі ережелері туралы әңгімелесті. Қас әрлеуші шебер З. К. Сатбекова әдемі қас жасау әдістерімен бөлісті.

Кездесу барысында қыздар Кевин Экоан, Карминди сияқты ең жақсы кәсіби бет әрлеушілер жазған "Адамның бойында бәрі де әдемі болуы керек" атты кітаптар көрмесімен танысты. Іс-шараны қорытындылай келе, қатысушылар "Егер сұлулық сізге қуаныш әкелсе, онда оған сылтау табу қажет емес" деген ортақ пікірге келді. Бұл ойды Голливудтың көптеген танымал кино жұлдыздарымен және әлемдік басшылармен жұмыс істеген дарынды американдық фотограф және бет әрлеушісі Кевин Экоанның сөздері толығымен растайды: "Болашақ ашық және адал ниетті, әсемдікті барлық көріністерінде бағалай білетін адамдарға тиесілі".