2021  жылдың 17 қарашасында «Парасат жолы» адалдық алаңы орталығында Ж.Бектұров атындағы ОЖК ZOOM платформасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны Қасым Аманжоловтың 110-жылдығына арналған «Қыран қанатты ақын» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты: Қасым Аманжоловтың шығармашылығы арқылы ел үшін жасаған ерен еңбегін үлгі етіп, отанын, туған жерді сүю, азаматтық бағытпен ерлікке, батылдықты өнеге ету, патриоттыққа тәрбиелеу.

Дөнгелек үстелге қатысқандар: Карағанды техникалық университетінің ф.ғ.к., қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доценті Хамзина Қарлығаш Мәуенқызы; Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің ғылыми - әдістеме бөлімінің басшысы Елубаева Мейрамгүл Айдарханқызы; Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатының ҚР Ұлттық мұрағат қорын толықтыру бөлімінің басшысы Абикенова Сәуле Мағауияқызы; Қарағанды қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұяқов Ғабит Шораұлы; Қарағанды қаласының ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қиманова Раушан Мәжитқызы; ақын, еңбек ардагері Тілемісұлы Әли; Қарағанды қаласының ардагерлер кеңесінің мүшесі Әбенова Сара Ибрагимқызы және туған жері Қарқаралы ауданынан Қарқаралы тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері Сламбеков Сәтбек Қабиденұлы; өлкетанушы Қасымжанұлы Мейірхан; Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, деректанушы Оспанов Саят Куанышбайұлы.

Іс-шараның модераторы №17 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Садуова Дәрия Оразбайқызы болды.

Алғашқы сөзді Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының  басшысы Қаленова Нұргүл Қасымханқызы алып, ақынның шығармашылығына тоқталып, уақыт тауып келген қонақтарға жылы  лебізін білдірді.

Виртуалды алаңға Қарағанды қаласының Қарағанды Медицина университеті, Қарағанды ​​жоғары медициналық интерколледжі және

Қарағанды ​​жоғары политехникалық студенттері қатысты. Сонымен қатар, Қарағанды қаласының Қарағанды Медицина университетінің студенттері мен Қарағанды ​​жоғары медициналық интерколледжінің студенттері Қ. Аманжоловтың  өлендері мен әндерін орындады.

Іс-шара туралы ақпарат «Первый Карагандинский», «5 канал» телеарналарындағы жаңалықтар шығарылымдарында көрсетілді, сондай-ақ «Ortalуq qazaqstan» газетінде мақала жарияланды.

 

#Бектуровка#ҚасымАманжолов#ақын#туғанжер#жастар#Қарқаралы#поэзия#әдебиет